Білім және ғылым
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектепте офлайн форматта 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңі өтті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Тест форматында өткен олимпиадаға 107 жалпы білім беру ұйымынан 328 оқушы өтінім беріп, нәтижесінде 310 оқушы қатысты.
Оқушылар арасында өткен республикалық олимпиада келесі пәндер бойынша ұйымдастырылды. Олар:
- математика
- жаратылыстану
- қазақ тілі
- әдебиет
- орыс тілі мен әдебиеті
- қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі
- орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, ағылшын тілі
- ағылшын тілі
- қазақстан тарихы
Мектеп базасында өткен олимпиада да барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған.