Қоғам
Абай ауданына қарасты Ақтас-2 елдімекенінде тұратын 200 отбасы бұған дейін ауыз суды тасмалдап ішіп келген. Ағымдағы жылы мөлтек ауданға таза су құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындар сапалы сумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Тартылған су құбырының жалпы ұзындығы 50,9 шақырымды құрайды. Қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш биылғы жылы жүргізіліп жатқан 14 нысанның құрлысымен толықтырылуда.
Алдағы уақытта суды тасымалдау арқылы тұтынып отырған Асар-2, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас елдімекендері мен кестемен таза су ішіп отырған Жаңаталап пен Сәуле мөлтекаудандарындағы мәселе өз ретімен шешілуде.
Ағымдағы жылдың соңына дейін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98 пайызға жететін болады.