Daryn news

Daryn online ҰБТ-ға тегін дайындауды бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Daryn online білім беру платформасында 8 желтоқсаннан бастап тура ҰБТ өтетін күнге дейін тікелей эфирде әр пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар өтіледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлайды.

Сабақтар әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 18.00-де «Daryn online» YouTube арнасында тікелей эфирде өтеді.

Сонымен қатар, qazbilim, Educon Dostyk, Zerdeli, Sabaq online, Samga білім беру орталықтары да аталмыш шараға ат салыспақ.