Білім және ғылым

Қазақстандық планетадағы ең ақылды адамдардың бірі болды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

23 жастағы қазақстандық планетадағы ең ақылды адамдардың бірі болды. Алдияр Семедьяров @semedyarov әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең жоғары IQ-ға ие адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық қауымдастығының мүшесі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Алдияр Ақтауда туып-өскен. 2016 жылы N4 мектеп-гимназиясын «Алтын белгі» белгісімен бітірген. Ол  физика пәнінен түрлі олимпиадаларға қатысып, ҰБТ-дан 124 ұпай жинап, жоғары интеллектімен ерекшеленетін.

Алдияр «Work & travel» бағдарламасы бойынша Америкаға барды, сонымен қатар Германияда тұрып, «Ганновердегі Лейбниц университетінде» ғылыми тағылымдамадан өтті. Содан кейін жігіт қайтадан Америка Құрама Штаттарына ұшып кетті, онда ол «Буффалодағы университетте» алмасудың жазғы семестрінде оқыды.

2020 жылы қазақстандық Швейцарияға көшуге шешім қабылдады. Онда «ЭТХ Цюрих» Федералдық технологиялық институтының магистратурасына инженер-электрик мамандығы бойынша оқуға түсті.

Менса халықаралық қауымдастығы туралы Алдияр алғаш рет 2016 жылы естіді.

- "Сол кезде де үздік студент бола тұра, ресми IQ тестін тапсырғым келді. Өкініштісі, Қазақстанда мұны істеу мүмкін емес екенін білдім. Бұл туралы бес жыл бойы ұмытуға тура келді", - дейді жігіт. .

Екі ай бұрын Алдияр мектептегі ескі тілегін есіне алып, арманын жүзеге асыруға бел буды. Қабылдаудың жалғыз талабы - ресми IQ тестінен өту. Онда 45 сұрақ болды және офлайн форматта өтті. Тапсыруға 20 минут уақыт беріледі.

Арада бір аптадан кейін Алдиярға ұйымнан қабылданғаны туралы хат келді. Қазақстандықтың IQ деңгейі Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады – бұл көрсеткіш әлем халқының 99 пайызының IQ деңгейінен жоғары.