Bugin

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грузия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Екатерина Тикарадзе отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

- «Үш жылдық жұмыстың нәтижесінде және премьер-министрмен және партия басшысымен кеңескеннен кейін «Грузин арманы» партиясының (билік партиясы – ТАСС) саяси кеңесінде қызметімді жалғастыру дұрыс шешім деп санаймын. Сол жердің әлеуметтік денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін жұмыс істейтін боламын», - деді Тикарадзе бейсенбіде брифингте.

Тиркарадзе 2019 жылдың маусымында премьер-министр Мамука Бахтадзе үкіметі тұсында Грузияның денсаулық сақтау министрінің портфолиосын алды. Сонымен қатар, ол «Грузин арманы» саяси кеңесінің мүшесі.