Полицейлер көпірден секірген жасөспірім қызды құтқарып қалды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атыраулық полицейлер көпірден секірген жасөспірім қызды құтқарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

12 желтоқсан күні 22:20 шамасында “102” операторына Атырау мөлтек ауданында орналасқан көпірден белгісіз адамның секіріп кеткені туралы хабарлама түсті.

Хабарлама бойынша оқиға орнына барған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай Тұрсынғалиев пен Ғалым Қалбаев суға батып бара жатқан қызды байқаған.

Уақыттың тығыздығын түсінген тәртіп сақшылары құтқаруға кірісті. Ғалым Қалбаев көліктен арқан жіпті алып, беліне байлап, қызға қарай жүзген. Арқанның екінші шетін Исатай Тұрсынғалиев ұстап тұрды. Көмекке келген әріптестері Махамбет Қабасов пен Құралбек Қалмағанбетовке ол арқанды ұстатып, Ғалым Қалбаевтың артынан суға түсті. Тәртіп сақшылары қыз баланы 20 минут шамасында жағаға алып шықты.

Ес-түссіз жатқан жасөспірімге бірден жасанды тыныстандыру жаттығуларын жасауға кірісті. Тіршілік белгілері болғанымен, қыз қатты әлсіреп қалған. Полицейлер жақын маңдағы №5 емханаға қызметтік көлікпен жол тартқан.

Дәрігерлер 14 жастағы жасөспірімге дереу көмек көрсетті. Аязды күні салқын суға жүзіп, жасөспірімді ажалдан арашалаған тәртіп сақшыларының да денсаулығын тексеріп, қажетті көмектерін көрсетті.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61