Bugin
Қазақстандықтардың орташа зейнетақысы аталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері (базалық зейнетақыны есепке алғанда) 99 726 теңгені құрады», - деп түсіндірді Еңбек министрлігі.
Еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 миллион 233 мыңнан астам адамды құрады.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады. Оған 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде есептелген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдері кіреді.