Ай сайын азық-түлікке 60 мың жұмсайтын министр айлығы қанша екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ведомство вице-министрінің жалақысы белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында министрлік қызметкерлерінің жалақысы туралы мәлімет жеке деректер тізіміне енгізілгенін айтты.

- "Бұл ретте, заңның 10-бабына сәйкес, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүргізіледі. Орташа еңбек өтіліне есептейтін болсақ, ұлттық экономика министріне жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын шегергенде жалақы 896 мың теңге, вице-министрде 633 мың теңге болады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің (министр, министрдің орынбасарлары) жалақысы соңғы рет 2014 жылы көтерілгені атап өтілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61