Bugin
Елордадағы Қарулы күштердің әскери-тарихи мұражайында Бөгенбай батырға тиесілі дулығаны музей қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Оны атақты батырдың жетінші ұрпағы, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Малтабар ауылының тұрғыны Жабай Кенжалин сақтаған. Әскери тарих мұражайына тапсырылған жаңа экспонаттың тарихи құндылығы ерекше.
Қанжығалы Бөгенбай батыр (1680−1778) – қазақтың ұлы қолбасшысы, үш жүздің бас қолбасшысы. Ол өмір бойы қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресті, жоңғарлармен шайқаста ерлік көрсетті.
Батыр қайтыс болғаннан кейін оның жеке қару-жарақтарының кейбір бұйымдарын ұрпақтары үш ғасыр бойы қасиетті жәдігер ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды.
Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып, қазақ халқының әскери тарихына қызығушылықты арттыруға, мұражай ісін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Салтанатты шараға «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысты.