Bugin
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сіңлісі Facebook парақшасында туысқаны үй қамауынан босатылатынына сенімді екенін жазып, жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- Қымбатты достар! Отбасымыз үшін жайсыз тиген оқиғаға байланысты қолдауларыңызды білдіріп, жылы сөзбен демеп жатқандарыңыз үшін бек рақмет! Ғайбаттың жеті атасын жаудырып, сансыз сауапқа ие қылып жатқан "тілеулестерге де" рақмет! Әке мен шешенің адал тәрбиесін көрген, ізгі істерімен талай жанның, талай игінің батасын, алғысын алған апам Бақытгүлге бір Алла өзі жар болсын. "Алланың бергеніне қанағат" деген ұяда өскен апамның осы кезге дейін сүйенгені де, сенгені де - бір Алла. Екі баласына, туған-туыстарына көңіл бөлетін уақыты болмай, жауапкершілікпен еңбек еткеніне көбіңіз куәсіз. Әлі-ақ реттелер жағдай. Жығылған кезде жұдырықтамай, сүрінген сәтте сынамай, жай ғана АДАМ болып, тілеулестік танытқан әрқайсысыңызға АЛЛА разы болсын! - деп жазды Хаменованың сіңлісі.