Әлем
Беларусь президенті Александр Лукашенко Түркияның TRT телерадиокомпаниясына берген сұхбатында екі елдің Ресеймен жаңа одақта Еуропалық Одақтың барлық қателіктері ескеріліп, Кеңес Одағының барлық оң жақтарын қалдыратынын айтты.
«Бұл одақ неғұрлым дамыған және тұрақты болады. Біріншіден, біз қайталамау үшін Еуропалық Одақтың барлық қателіктерін ескереміз. Ал тәжірибені қолданамыз, оң тәжірибесін.
Екіншіден, біз біртұтас мемлекеттен – Кеңес Одағынан шықтық. Сол жерде көп нәрсені көрдік. Біз советтік өткеннен не қалдыратынымызды және болашақта бізге не пайдалы болмайтынын білеміз…
Біз 25-ші, 30-шы немесе басқада қандай да бір жылға ешқандай мерзім қоймаймыз. Біз мәселелерді біртіндеп шешеміз» – деді Беларусь басшысы.
Дереккөз: orda.kz