Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін мойындады.
- "Хаменеваның орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын", - деді Досмұхамбетов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді.
"Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. (...) Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны мемлекет басшысы қабылдайды", - деді Досмұхамбетов.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық дауынан кейін Атырауда Абай ескерткішін орнату жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61