Bugin

Байқоңырдағы орыс мектептерінің бағдарламасына қазақ тілі енгізілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясының Білім министрлігі Қазақстанның Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Байқоңыр қаласындағы орыс орта мектептерінің оқу бағдарламасына Қазақстан тарихы мен қазақ тілін пәндер ретінде енгізу мәселесін қарастырады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

- «Ресей Федерациясының Білім министрлігі мен Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Байқоңырдағы орыс мектептерінің жалпы білім беру жүйесінің бастауыш жалпы, негізгі жалпы және орта мектептің оқу бағдарламасына «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін енгізу мәселесін пысықтайды», - деді агенттіктегі дереккөз.

Әңгімелесушінің айтуынша, үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті тапсырма берілген. Тараптар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін мәселені пысықтау нәтижелері туралы үкіметаралық комиссияның тең төрағаларына есеп беруі керек.

Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Онда аталған кешенді одан әрі бірлесіп пайдалану перспективалары талқыланды.