Bugin

Идеологиялық сипаттағы мақсатты жоспар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасы қашанда ата-баба салт-дәстүрін сақтауды алдыңғы орынға қойған.Бірліктің ауызбіршіліктің терең тамыры ғасырларды артқа салып қанымызбен келе жатқан қазақилығымызда екенін дүйім жұртқа айтудан  ешқашан жалыққан емес.

Жеті саны киелі сан.Қазақта «Жеті қазына» береке мен құт бақ дәулет десе, «Жеті жарғы» әділеттіктің туы-қазақ даласының заңы. Бабаларымыз ықлым заманнан әділеттікке сүйеніп, жүйелі сөзге тұрған, Жеті жарғының-заңның үстемдігін мойындаған. Елбасының қай бағдарламалық құжатын алсаңыз  да  бір-бірімен ұштасып,  байланыс үзілмейді. Бірінші құжаттағы индикаторлардың жалғасы  келесі құжатта жауап болып алдыңыздан шығады. Оқып отырып ойдан  ой туындағанына көзіңіз жетеді.  Жалпы Елбасы реформалары сабақтас рет-ретімен  жасалып, кезең-кезеңге арналып әбден  сараланып  нақты межелерге бағытталған. Елбасының «Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай  20 қадамы», «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыруы», «Ұлы даланың жеті қыры»  бәрі  осы    «Елдіктің жеті тұғырының»  табан тіреп көтерілер  баспалдағы.

 Саяси,әлеуметтік,экономикалық тұрғыдан қарасаңыз да астарында отанды сүю, патриотизм жатыр. Жалаң ұранды патриотизм емес  шынайылық, елге деген сүйіспеншілікке шақыру.

Елбасы әрдайым  халықтың ойымен санасып,уақыт талабына ұтымды жауап  береді.Сондықтан болар Тұңғыш Президентіміз Н,Назазарбаев  2011 жылғы Жолдауында  «Халықтың еркі бәрінен де жоғары» деп  халық  сөзіне құлақ асатынын бір сөйлеммен-ақ  жеткізіп түйінді сөздің шүріппесін  дөп басты.  Елбасы Жолдауларында қолданылған эволюциялық  даму  тіркесі  қоғам дамуының  критериі  болып қала  береді. Эволюциялық  даму барлық салада рет-ретімен  орындалып жатқан болса,  терең тамыры салт-дәстүрде,әдет ғұрыпта қазақи болмыста жатыр. Ұлттық мінезбен тәрбие алған  ұрпақ  рухы мықты отбасының ұстаханасынан шыққан  өткір  қару сияқты.  Қай жерде болмасын өткірлігін көрсетеді

 Елдік болмыстың өзегін жүрегінің түбінде,санасының түкпірінде, көзінің отында,тілінде  сақтайды.Осылайша намысты, рухы асқақ ұлт қалыптасатынын  келешектің кілті  білім мен еңбекте,ұлттық мәдениетте  екенін,  өзгелерді осылайша мойындатуға болатынын Елбасы  тасқа таңба салғандай,тайға таңба басқандай етіп ұрпаққа үндеу тастады.Отбасын сақтауда ата дәстүрдің маңыздылығына үлкен мән берді.

 Күні кешегі көшпенділердің ұрпағы, бүгінгі  тәуелсіздік дәуірінің тірі туындысы  ұлттық дәстүрмен,біліммен  қаруланған  отаншыл намысты  ұрпаққа сеніммен қарайтыны қуантты,өскелең ұрпақты  ынталандырды, жылы лебізімен маңдайынан сипай отырып ширатты,

 ортаны қақ жарып ой салды. Мүлт кеткен жоқ. Атам қазақ аталғалы жүріп өткен қилы замандардан, көне сүрлеулерден арқаланып жеткен тарихты сана сүзгісінен өткізіп, құндылықтарымыздың ескірмейтіндігін,  жіктеп, заман талабына  қарай толықтырып халыққа жеткізді. Өшпейтін құндылықтарымызға  Жеті тұғырлап барып тоқтады. Елбасы  «Елдіктің жеті тұғыры»  қағидаттар  жиынтығында  өзінің   саяси тәжірибиесін  ортаға салды, тәуелсіз еліміздің  көшбасшылығының  нақты көріністерін көрсетті.

Нені негізге алу керек, нені мойындау керек дегенде тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз, тәуелсіздікті  ұрпақтан-ұрпаққа     шайқалтпай жеткізу бәріміздің парызымыз  деген нүктелі тұжырым жасады.Тәуелсіздікті нығайту халықтың өзінің қолында деп қоғамдық санаға қозғау салды, патриоттық сезімнің шоғын  үрледі. Елбасының елдік деген бір ауыз сөзі өзге ұлттарға, үлкен-кішіге,  көпке  ой салды, бірлікке, бірауыздылыққа, ынтымаққа шақырды. Тәуелсіз ел болып әлемге танылдық,әлем картасында Қазақстан деген мемлекет пайда болды,осы уақыт ішінде 9,5 миллион сәби дүниеге келді  деді. Елбасының табандылығының арқасында  бейбіт жолмен шекарамыз шегенделді,халықаралық келісім-шарттар  түзілді.Бұл тәуелсіз еліміз үшін үлкен жетістік,шекара белгіленіп  бекітілмесе жерінің көлемі   бойынша әлемде 9-шы орындамыз деген сөздеріміз құр көпіру бос сөз  болар еді.  Ресей мен Қытай елдері сияқты алпауыт елдермен шекараласпыз.

 2018 жылы  Каспии саммитінде  Каспии теңізіндегі шекарамыз   алдын-ала сарапшылардың. тиісті жұмыс тобының талдауымен бес елмен ортақ келісім арқылы шешілді. Тәуелсіздік-жер-бірлік  үштаған ұғымдары ғана болашаққа түзу жол салатын  өркендеудің арқауы.

 Елбасы  бүкіл жұртшылықты Ұлттар бірлігінің ядросы- Мәңгілік Ел  идеясы  аясында  әділетті  әлеуметтік  қуатты экономикалы қоғам дамуы  жолында Мемлекет Басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне  шоғырландыруға шақырды. Құндылықтарымыз бәрімізге ортақ  деген ойды елдік деген  бір-ақ сөзбен,бір ғана  ұғыммен жеткізді.  Елді өркендету үшін   қазақи болмысымызды,ұлттық мәдениеттің мәйегін  сақтай отырып, терең білімге,ғылымға  бойұсыну оны  тынымсыз еңбекпен ұштастыру ұлттың өркениетті болуына  тікелей әсері барын,мықты экономикасы дамыған қоғам сонда ғана   өркендейтінін айтты.   Осының бәрі бабалар мұра етіп қалдырған салт-дәстүр,әдет-ғұрып тәрбиелі  отбасының, білім мен еңбек,бәсекеге қабілеттілік прагматизмді осы жеті тұғырға жинақтады.Бардың қадірін білу үнемдеу ұғымдарын бәсекеге қабілеттілікпен, прагматизммен байланыстырды. Отыз елдің қатарына  қосылуға  материалдық құндылықтармен қатар рухани құндылық  қажет  дей келе, «Жеті тұғырдың»   тамызығы   рухани құндылық екеніне басымдық берді.

Осылайша елдікті нығайтудың жаңа кезеңі басталды, оған бағдар беретін жол сілтеу картасы- «Елдіктің жеті тұғыры»дүниеге келді.

Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры»- халыққа жолдаған ой ұзартары, сананы қозғайтын идеологиялық сипаттағы мақсатты жоспары.

 

 

Жантөреева Калыйма

«Nur Otan» партиясы Түркістан             

облыстық филиалы төрағасының орынбасары,                            

 Облыстық мәслихаттың депутаты