Bugin

Алматы әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай отшашуға 10 миллион теңге жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының мәдениет басқармасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мерекелік отшашу ұйымдастырады. 16 желтоқсан күні 11 186 отшашумен пиротехникалық шоу болмақ. Бұл туралы Bugin.kz порталы Kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бір көзден өткізілген тендер «Жарылыс және К» ЖШС-не өтті. Жеткізуші рұқсат етілген іске қосу жабдығын пайдалануы керек. Қуат кабельдері, сигнал беруге арналған кабельдер арнайы кабельдік жолдарда жасырылуы керек. Жеткізуші пиротехникалық бұйымдарды құрастыруды және бөлшектеуді жүзеге асырады.