Weekend

Сіз қызығып қарайтын кәріс сериалдарының құпиясы неде?

«Дорама» деген атау жапон тілінен аударғандағы «драма» сөзін білдіреді және бастапқыда жапондық теледидар сериясын атады. Қазір бұл термин кез келген жанрдағы кәріс, қытай және тай телеарналарында қолданыста жүрген сөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәріс халқының  телеарналарына  байлану өте оңай, бір қарасаң болды тоқтау мүмкін емес. Құпия дорамалардың стилінде. Олар аңғалдық және әсерлі, оларда қатыгездік пен зорлық-зомбылық көрінісі жоқ және олар бізге жақын құндылықтарды – ақсақалдарға деген құрмет, отбасының маңыздылығы мен адалдықты көрсетеді. Барлық кәріс сериалдарындағы  17 ерекшелікті атап өтейік. Дорамаларда бізге ерсі немесе күлкілі көрінетін көптеген сәттер бар.  Өз басым  ондай нәрселерге сыни көзбен қарамаймын. Қанша дегенмен басқа мәдениет, басқа ел. Мен  кәріс сериалдарындағы  қайталанатын бірнеше сәттерге тоқталмақпын.

1. Дораманың басты кейіпкерінің материалдық  жағдайы төмен болады. Әдетте, ол мектептен кейін жұмыс істейді, отбасын немесе өзін асырау үшін. Бірақ ақыр соңында, ол бай жігітке үйленеді.Бейне бір ертегі секілді.

2. Басты кейіпкер – әдемі, ақылды және өте бай жас жігіт. Әрине, ол нашар кедей қызды жақсы көреді. Және ол бұл махаббаты үшін күреседі, өйткені қыз кедей болса да,ол оны құлай сүйеді.

3. Тағы бір нәрсе ол кәрістердің махаббат үштігіне үйір болуы.

4. Егер қыз бір көргеннен жігітті жек көріп кетсе онда олар сонында міндетті түрде бірге болады. Ол дегеніміз жек көруден махаббатқа дейін бір-ақ қадам.

5. Дорама әлемінде қызды тоқтатудың жалғыз жолы - оның қолынан ұстап қалу.

9. Жаңбырда 5 минут қалып қойған жағдайда ол кешке қарай ауырып қалады. Тіпті ол жағдай жаз мезгілінде болсада.

10. Кәрістер қатты дауыстап тамақ жегенді жақсы көреді. Көбінесе дәстүрлі рамен, кимчи немесе көше тағамдарын жейді.

11. Ата-ананың  сөзі олар үшін– заң. Олардың сөздері талқыланбайды, ал шешімдер күмәнсіз орындалады.

12. Чимчильбан– көпшілік тұтынатын монша. Ол жерге кәрістер бүкіл отбасымен бірге барып демалады. Олар сүлгілерді бастарына орап, сосын шай ішіп, түнді сол жақта өткізе алады.

13. Махаббат сезімі әдетте  үш секундта пайда болады. Сол адамға ғашық екенінді түсінуі бір секундта.

14. Кәріс мектептері бөлек әңгіме. Олардың жоғары оқу орындарының  түрмеден айырмашылығы жоқ. Оқушылардың бір-бірін көре алмауы,ұрып соғуы, әділетсіздіктің  көп байқалуы.

15. Кейіпкерлердің ата-аналары тым жас көрінеді.Сірә,медицинаның дамыған уақыты.

16. Әлбетте, Samsung ұялы телефонының соңғы үлгісі. Тіпті кедейлердің өзі жақсы киінеді, қымбат ұялы телефон ұстайды.

17. Саунтрек. Айтпақшы, ол барлық телешоуларда өте әдемі және қайғылы болып келеді.

Кәріс  халқының телеарналары, әрине, күлкілі кейде қайғылы да, өз кемшіліктері мен артықшылықтары қатар жүретін ерекше туынды.