Bugin

Шымкент қаласының намысын қорғаған жас сабаздар марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында онлайн форматта өткен «Айбын -2021» VІІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Қазан айында басталған дәстүрлі әскери-патриоттық сайысқа биылғы жылы 74 команда тікелей онлайн форматта қатысып, сайыстың бірнеше түрінен бақ сынады. 

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл ұлттың қамы, болашақтың баянды болуының кепілі. Отанымыз – басты байлығымыз. Оны қорғау – әр азаматтың міндеті. Осы орайда Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті. 

Патриоттық жиынның Шымкент қаласы бойынша жабылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен жеңімпаз атанған үш патриоттық клубтың 45 мүшесі қатысты.