Bugin

Биыл Әл-Фараби ауданында 27 аула абаттандырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Әл-Фараби ауданында 25 спорт алаңшасы және 27 аула абаттандырылып, кезең-кезеңімен халық игілігіне берілуде. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Бүгін ауданға қарасты Отырар шағынауданындағы №42, 51 үйлердің және Адырбеков көшесіндегі № 4 үйдің ауласы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Аулаларда ересектер мен балаларға спортпен айналысып, демалуға мүмкіндік жасалды. Онда балалар және спорт алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған. 

Айта кетейік, қыркүйек айында 9 аула толығымен абаттандырылды. Қалған 18 аулада көріктендіру жұмыстары 16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталып, тұрғындар игілігіне тапсырылуда.