Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБірнеше апта ішінде Оңтүстік Суданның шығысында белгісіз аурудан жүзге жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Африка елінде нақты 89 азамат белгісіз аурудың құрбаны болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл жағдайды зерттеу үшін мақсатты топты Джонгли штатына жіберді. Ең көп өлім осы өңірде тіркелген. Тырысқаққа сынамалар теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, жергілікті билік аурудың асқынуынан қайтыс болғандардың саны ресми мәліметтегіден әлдеқайда жоғары деп санайды. Инфекцияның көптеген жағдайлары 2021 жылдың тамызында су тасқынынан қатты зардап шеккен аймақта анықталды.
ДДСҰ сарапшылары аурудың эпицентрлік аймақтарына тікұшақпен жетуге мәжбүр болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61