Bugin

Димаш Құдайбергенов қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында тіл мәселесін көтеріп, видео-үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Біздің жастарымыз тіліміздің таза болуына, өз жерімізде тіліміздің құнсызданып кетпеуі үшін еңбек ету керек деп ойлаймын. Қазақ тілімен қаруланған қандастарымыз, тілі біраз шорқақтау болып жүрген бауырларымыз қазақша үйреніп бастағанда, қолдан келгенше қатесін түзеп жіберіп, көмектесіп, демеу беріп отырайық. Біз Қазақстан деп аталатын өз жерімізде, өз елімізде мемлекеттік тілде, яғни ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Тілімізді мақтан тұтып жүрейік», — деп жазды парақшасында.

Бұл үндеуінде Димаш қазақ тілінің ол үшін ең әдемі тіл екенін айтты.

- «Біздің, яғни жастардың ең басты мақсатымыз — қазақ тілін, мәдениетін, қазақтың үнін, әнін шартарапқа жар салып, мақтанып тұрып насихаттау. Қазақ тілі — ең әдемі тіл. Ол шынымен де солай. Әрбір халық үшін өзінің тілі ең әдемі. Біз егер де қазақ тілімен, мәдениетімізбен мақтанбасақ, баға тұтпасақ, ол тіл бізден басқа ешкімге керек емес», — деп айтты әнші.

Сонымен қоса, ол басқа тілдердің маңыздылығын жоққа шығарған емес.

- «Қазіргі таңда 21 ғасыр болғандықтан, әрбір азамат кем дегенде 2-3 тілді меңгеруге тырысу керек. Соның ішінде, қазақ баласына 2-3 тілді меңгеріп тұрған жерде өзінің ана тілін білмеу — ол үлкен ұят нәрсе», — деп айтты Димаш Құдайберген.