Елімізде «байлық» салығы енгізіле ме? - министр жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжіліс сағатында Қазақстанда сән-салтанатқа арнайы салық енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Жамаубаевтың сөзінше, мұндай салықты енгізбес бұрын "байлық" пен "асқан байлық" деген не екенін анықтап алу керек.

- "Бізде салық және кеден саясатына жауапты арнайы орган бар. Бұл Ұлттық экономика министрлігі. Иә, сән-салтанатқа салық енгізу мәселесі 2-3 жыл бұрын қарастырылды. Бұл мәселені әрі қарай пысықтаймыз. Әзірге, бұл мәселе өзекті емес. Қарастырдық, талқыладық, қандай да бір нақты ұсыныстар енгізбедік", - дейді Қаржы министрі. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61