Weekend

Google байқауының жеңімпазы атанған қазақ баласы көз жұмды

Еркебұлан Бердібеков

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Google конкурсының жеңімпазы 30 жастағы қазақстандық Еркебұлан Бердібеков 12 ақпанда дүниеден өтті. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

Бердібековтің әріптестері оның өлімі туралы ақпаратты растады. Ол ауруханада емделіп жатқандықтан біраз уақыт жұмысқа шықпаған екен.
Айта кетейік, Еркебұлан Бердібеков Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген. 2017 жылдың күзінде қазақстандық маман Kaggle қауымдастығының нейрон желісі бойынша өткізген Data Science сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Аталған сайысты Google компаниясына тиесілі Google Brain зерттеу жобасы ұйымдастырған.
Алтын медаль үздік ондыққа кірген мамандарға берілген. Ал Еркебұлан Бердібеков бұл жарыста 4-орынды иеленді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61