Bugin

Депутаттар халықпен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мақсат Раманқұлов пен Фахриддин Қаратаев Сайрам елді мекеніндегі өзбек драма театрында тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жүздесуде тұрғындар халық қалаулыларының алдында  елді мекеннің әлеуметтік мәселелерін көтерді. Мәдениет саласына қатысты сауалдар қойып, ойларын ортаға салды.

Көп жыл кітапханада істеген зейнеткер Айкарам Хадиметова ауылдағы ауыз су мәселесін қозғады. Жел тұрса, жарықтың сөніп қалатынын жеткізді.

Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев "Nur Otan" партиясының  сайлауалды бағдарламасында еліміз бойынша 2024-2025 жылдары ауыз сумен қамту жүз пайызға орындалатынын мәлімдеді.

Жиында театрдың бас әкімшісі, ақын Зокир Карим жергілікті өзбек ақын-жазушыларына шығармашылық қолдау болса деген тілегін жеткізді. Сонымен бірге жетімдер үйінің тәрбиеленушісі театрдың кіші қызметкері Азиз есімді жігіт тұрғын үй кезегіне тұрғанына неше жыл өтсе де, баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, үй алуға көмектесуін өтінді.

Бұдан бөлек кездесуде театрдағы қызметкерлер  штатын көбейту, Түркістан облысынан Шымкент қаласының теңгеріміне өткен  Сайрамдағы музейдің алдағы тағдыры жөнінде, тіпті  кітапханада жұмыс істейтін мүгедек жандардың зейнет жасын қысқартуға байланысты да өтініштер мен  сауалдар жолданды.

Жүздесуді қорытындылаған Ф.Қаратаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесуде осында айтылған өзекті мәселелерді жеткізетінін айтты. Халықтың сенімі үлкен аманат. Сол аманатты арқалап келген депутаттар елдің талап-тілегін шешуге барынша ықпал жасайтындарын мәлім етті.