Bugin
Үнді ауылдарының бірінде маймылдар иттерге қарсы соғыс жариялап, 250 күшіктің көзін жойған. Содан кейін олар адамдарға шабуыл жасай бастаған. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, приматтар балаларын өлтірген иттерден осылай кек алатын көрінеді. Маймылдар күшіктерді ұрлап, шатырдан лақтыра бастаған.
Адамдар иттермен күресуге тырысқан, алайда маймылдар бірнеше адамды биіктіктен итеріп жіберген соң, адамдар оларға қарсы шығуды доғарған.
Өлтіруші маймылдарды ұстап, жағдайды бақылауға алуды талап еткен тұрғындар орман шаруашылығы бөліміне көмек сұраған. Маймылдар ұсталды. Олар басқа орманға жіберіледі.