Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан полициясындағы келеңсіздіктер азаймай тұр. ШҚО департаментінің 24 жастағы қызметкерін үлкен әріптесі зорлады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Семей қалалық прокуратурасына полиция сержанты арызданған. 24 жастағы тұрмысқа шықпаған бойжеткен УЕБ ақпарат және байланыс бөлімінде техник, полиция сержанты шенінде жұмыс істеген. Жаңадан шақырылған азаматты Семей қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының инспекторы, 36 жастағы полиция аға лейтенанты зорлаған. Қылмыс 25 қараша күні кешкісін оның көлігінде болған.
Kozachkow арнасының жеделхаттарына сәйкес, ШҚО БП мен ДП басшылығы жәбірленушіні мәлімдеме жасаудан тайдырған, өйткені жақында Риддер қаласында дәл осындай оқиға орын алған, онда уақытша ұстау изоляторының бастығы М. қарамағындағы қызметкерін зорлаған. Алайда қыз соңына дейін барып, кінәліні Заң бойынша жазалауды көздеп отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61