Bugin

Журналист: «Желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатыр» (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан бірнеше күн бұрын беташарда миллиондап ақша шашқан азаматтар желіде қызу талқыға түскен болатын. Тойдың қай жерде өткені, кімнің тойы екені белгісіз қалпында қалып еді. Алайда, 55 миллион жиналған тойдың қайда болғаны және иесі кім екені анықталды. Бұл мәліметтің ақ қарасын белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- Беташардың арты ашылды. Түлкібасқа (Түркістан обл.) келін түсті, беташарға 55 млн тг. лақтырды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатыр деп жазыпты көршісі. Жыртыл қазақ, жыртыл! - деп жазды журналист. 

Сондай-ақ, журналист той туралы ақпаратты өзіне келген хабарлама арқылы көрсетіп, желіде жариялады. 

- Саламатсыз ба? Бұл біздің ауылдың баласы 94жылғы екінші рет үйленіп жатыр. 55млн беташардан ақша түсті дейтіндей ол кюнетте істейді . Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген көршісін кітапханашы айлығы 40-50 мың 1 млнға кредитке кіргізіп жерген казір араласпайды осы үшін. Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған. Түркістан обл. Түлкібас ауданы. Кемербастау ауылында тұрамыз. Ауылға жексұрын болған осы кюнетке бәәәрін кіргізген. Бұндайларға шара қолдану керек. Аңқау қазақты кредитке кіргізіп сол ақшаға шет ел араламай. 55млн алса мамасы мектептегі мұғалімдерден құдалыққа деп ақша жинамас еді. Ауылдың чатында осы үшін айқай шу болған бір жыл бұрын. Сол кезде айтып жүретін дау дамайсызды ма шақырамын сенің көзіңді құртамын деп… Ауылдың кез-келгенімен сөйлессеңіз Серікті жұлып жеуге дайын, бәрі бетіне түкіреді… Келуге де беті жоқ, енді жүр ғой. С/н Бақнұр - деп жазылған хабарламада.