Bugin

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 22 желтоқсан күні ресми түрде «Ақтөбе Сити» футбол клубы ашылды. Бұл туралы «Серый КАРДИНАЛ» телеграм каналы хабарлады.

ORDA.kz мәліметінше, тиісті заңды тұлға қазірдің өзінде әділет органдарында тіркеуден өткені атап өтілді. Клуб басшылығы Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) сертификаттау рәсімінен өту үшін құжат жинауды бастады. Клубтың ерекшелігі оның барлық ойыншылары тек жергілікті тәрбиеленушілерден құралған.