Саясат

2019 жылғы ең танымал есімдер қандай?

Жаңа туған нәрестеге сәнді ат қою трендке айналып барады...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамның есімі оның өмірі мен тағдырына әсер етеді дегенді жиі естиміз. Кейде тіпті "адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді" дейді дана халқымыз. Сондықтан болар, қазақ халқы шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиге ат қою рәсіміне ерекше мән берген. Біреулері жаңа туған сәби болашақта елге сыйлы, абыройлы, атақты болсын деген ырыммен белгілі тұлғалардың есімін берсе, енді бірі заман көшінен қалыспайық деген оймен айтылуы да, естілуі де әдемі "сәнді" есімдер таңдайды.

Заман талабына сай бүгінде түрлі- түрлі сәнді, әдемі есімдер дүниеге келуде. 

Ғасырына сай адамы демекші, әр заманның өзіне сай сәнді немесе қазіргі тілмен айтқанда «трендтегі аттар» қолданысқа жыл сайын енуде. Қазақстанда 2011 жылғы 1 желтоқсанда Алматы облысында 1 бала дүниеге келіп, «Тәуілсіздік» есімі берілсе, Астанада туылған  сәбиге Бәйдібэкспо есімі берілген.

Қазақстанда қазақы аттардан бөлек, араб, иран, грек, тіпті испан тілдерінен енген, жақсы мағына беретін есімдерді қою кең тараған. Оны сәбилерге ең жиі қойылатын есімдердің шығу төркінінен-ақ аңғаруға болады. 

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар айында дүниеге келген балаларға қойылған танымал есімдер.

Танымал есімдер