Bugin
Алексей Цой қызметінен кету туралы шешіміне қатысты сөз қозғады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрынғы министр мемлекеттік қызметтен кетуді осыдан 8 ай бұрын шешкен. Айтуынша, өзі басқарған кезде ведомство бәріне мейлінше ашық болған.
– Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен осыншалықты жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинге шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейді 3-4 сағат кетеді. Оған қоса дайынлық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді - дейді экс-министр Алексей Цой.