Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМадагаскар үкіметінің министрі теңіздегі құтқару операциясы кезінде өзі мінген тікұшақ апатқа ұшырағаннан кейін жағаға 12 сағатта жүзіп жеткен. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, 20 желтоқсан күні құтқару қызметінің тікұшағы елдің солтүстік-шығысында кеменің апатқа ұшырауына байланысты оқиға орнына аттанған.
57 жастағы полиция министрі Серж Гелленің сөзінше, алайда тікұшақ та қатты желдің салдарынан апатқа ұшыраған. Дегенмен, шенеунік ешқандай жарақат алмапты, бірақ қатты тоңғанын айтады.
- "Өлетін уақыт емес", - дейді Серж Гелле құтқарушыларға.
Геллемен бірге қауіпсіздік қызметінің тағы бір қызметкері аман қалған. Теңіз агенттігінің хабарлауынша, кеме апатынан көз жұмғандар саны 64 адамға жеткен, тағы 20 шақты адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Осы ретте Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина өзінің Twitter парақшасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, Махамбо қаласының жағалауына дейін өз бетінше жүзіп келген Гелле мен екінші офицерді мадақтаған.
57 жастағы Гелленің айтуынша, тікұшақ қатты желден құлап, дүйсенбі күні 19:30-дан сейсенбі күні таңғы 7:30-ға дейін Махамбоға жүзіп жеткен. Ол ешқандай жарақат алмаған, бірақ қатты тоңғанын айтты.
- «Менің отбасым және әріптестерім, үкімет мүшелері менің тірі және жақсы екенімді көруі үшін осы бейнені көрсеткендеріңізді қалаймын», - деді Гелле Махамбодағы жергілікті тұрғындарға.
Полиция басшысы Зафисамбатра Равоави Франс Пресс агенттігіне Гелле тікұшақ орындарының бірін қалқымалы кеме ретінде пайдаланғанын айтты.
- «Ол спортта өте қатал болды және 30 жастағы министр ретінде осы ырғақты сақтады ... Оның жүйкелері темірден жаралған», - деді Равоави.
Серж Гелле министр болып тағайындалғанға дейін полицияда отыз жыл қызмет еткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61