Bugin

2021 жылғы спорт және мәдениет саласындағы жетістіктер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан осы жылы спорт және мәдениет саласында айтарлықтай жеңістерге жетті. 

Димаш Құдайберген – Азияның ең сымбатты жігіті атанды

Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша «Азияның ең тартымды 100 адамы» рейтингінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бірінші орынға ие болды. Димаш 9,3 миллионнан астам дауыс жинаған. 

Жансая Әбдімәлік Гибралтардағы Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Гран-при жүлдесін жеңіп алды. 

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі "Грэмми" алды. 

Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. 

Сәкен Бибосынов – 2021 жылғы Ұлттық спорттық жүлде қорытындысы бойынша үздік спортшы атанды. 

Қазақстан Паралимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды.  Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын медаль алды. Дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс медаль алса, жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали «қола» иеленді.

Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды. 

Чемпион атанғандар – Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора.