Бақытгүл Хаменоваға байланысты тағы бір ақпарат пайда болды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеудің біткенін түрмеде күтетін болды. Прокурорлардың талабынан соң сот оған қатысты шешімді қайта өзгерткен. Ол он күн бұрын ғана үйқамаққа ауыстырылған болатын. Бұл туралы Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ал шешімнің өзгеруін соттағылар тағылған айыптың ауырлығымен түсіндірді. Оның үстіне Хаменова үйінде жүрсе қызметін, ықпалды тамыр-таныстарын пайдаланып тергеуге кедергі келтіруі ықтимал деп тауыпты. Егер тағылған айып бойынша шенеунік кінәлі деп танылса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне  бөлінген 145 миллион теңгеден ауызбастырық алды деген күдікпен екі апта бұрын ұсталған болатын. Онымен қоса Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы да ұсталған. Бірақ Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін бірден мойындап, тергеушілерге көмек бергені үшін қамауға алынбады. Ал Хаменова темір торға қайта қамалғанымен, қызметінен әлі ресми түрде босатылмапты.   

- Өткен жолы айтқанымдай, қазір соттан ешқандай шешім келген жоқ. Қазір тергеу изоляторында жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан жалақы жүрмейді, жұмыста болмауына байланысты. Оған қарасты басқармалар қазір әкімнің өзге орынбасарларына бөлініп берілді. Қазір сол кісілер жауапты - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61