Bugin

Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты Жандарбек Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабулов растады. Оның айтуынша, Бекшин «зейнет демалысына» шығады.

"Туған күнінен бастап зейнет демалысына шығады", - деді ол.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке сүейенсек, Жандарбек Бекшин 1958 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Ол екі аптадан кейін 64 жасқа толады.

Кейін Бекшиннің өзі қызметінен кететінін растады. Ол 27 желтоқсаннан бастап еңбек демалысына, келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап зейнетке шығатынын айтты. Оның айтуынша, Еңбек шарты бойынша келісім мерзімі аяқталаған.