Қоғам
Белгілі журналист Ерқанат Көпжасар Ресей президенті Путиннің «Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін мемлекет» деген сөзімен келісті. Оның сөзінше, Владимир Путин ащы болса да шындықты айтқан.
«Путин Қазақстанды орысша сөйлейтін ел деп атады. Оған «патриоттар» оталып жатыр. Билігің түгіл былайғы өмірде екі қазақтың басы қосылса, орысша сөйлеп кететіні өтірік емес. Әсіресе, ірі мегаполистерде жұрттар «Элита» көріну үшін ана тілінде сөйлемейді. Сөйлегендерді менсінбейді. Біз рухани мүгедекпіз. Сатқынбыз. Ана тілімізді сатқанбыз. Бір рет сатқындыққа жол бергендер отанын да оп-оңай сата алады» - деп жазды Ерқанат Көпжасар инстаграмдағы парақшасында.