Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанайда 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман есен алып шықты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Бала көшеде ойнап жүріп, жақын маңдағы үйден түтін шыққанын көреді. Қостанай қаласындағы №22 мектептің 5-сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан саяжайдан төрт баланы аман есен алып шыққан.
Т түскі екілер шамасында «Бағбан» саяжай ұжымшарында үй өртене бастаған. Онда төрт бала болған, үлкені 8 жаста, кішісі 2 жаста. Үлкендер үйде болмаған.
Сол кезде көшеде ойнап жүрген 5-сынып оқушысы Олег Пирог көрші саяжайдан қою түтін шығып жатқанын көреді. Бала оның ішінде кішкентай балалары бар отбасы тұратынын білген.
- «Ол өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, түтін шыққан үй-жайға терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, төрт баланы бірінен соң бірі көшеге алып шыққан», - деп хабарлады облыстың ТЖД.
Өрт сөндірушілер келген кезде үйде басқа ешкім жоқ, барлығы жалынға оранған.
Құтқарылған балалар ата-анасы келгенге дейін көршілерінің қасында болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61