Қоғам
Қуаңшылықта Маңғыстауға жем-шөп тасыған Құрмет Талапқазы баспаналы болатын болды. Бұл туралы Мақсат Толықбай Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Журналист Мақсат Толықбай мұрындық болып халықтан 9 млн теңге жиналған болатын. Қалған 9 млн теңгені кәсіпкер Дулат Тастекеев қосты.
- Ал қадірлі достар бүгін міне Алматыдамыз. Дулат Тастекеев мырза уәде еткендей үстінен тағы 9 миллион теңге қосып беріп жатыр. Таңертең Шымкентке аттанамыз. Жаңа жылда жаңа баспана иеленеді - деді Мақсат Толықбай.