Саясат
Жаңылған жағалылар
СӨЗДЕН СҮРІНІП, КҮЛКІГЕ АЙНАЛҒАН ШЕНЕУНІКТЕР КІМДЕР?
«Жынымды келтірмеңізші»
Тариф туралы түсіндіруден жалыққан вице-министр Серік Жұманғариннің осы бір сөзі әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Журналистерге ашуланамын деп сөзінен сүрінген Ұлттық экономика министрінің орынбасары артынша, осы қателігі үшін кешірім сұрады. Жалғыз Жұманғарин емес, жуырда тағы бір вице-министр Светлана Жақыповада түнде жұмыс істейтін ата-аналарға қатысты айтамын деп сынға ұшыраған еді. Соңғы кезде эмоцияға беріліп, кейін қоғамның талқысынан соң кешірім сұрайтын шенеуніктердің көбейіп кетіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Сен менің нервіме тиіп отырсың. Мен ауылға барайын жұмыстың бәрін тастап. 1108 Басыңнан бір тебем. Нервіме тиіп отырсың. Қаным басыма шапшып отыр.
Тек сахнада, сатирада емес, өмірде де осындай шенеуніктер бар. Күні кеше Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің де журналистердің сұрағына жыны келіп қалыпты. Шағын бизнеске арналған жиында тариф туралы сұраған тілшілерге ашуланған шенеуніктің эмоциясы камераға жазылып қалды.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Бұл жерде шағын бизнес туралы әңгіме болып жатыр. Сонда менен тариф туралы сұрауға келдіңдер ме?Ресми түрде келіңіздер, тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші....»
Вице министрдің видеосы бірден әлеуметтік желіге тарап кетті. Артынша осы сөзіне өкінген Серік Жұманғарин кешірім сұрады. Ал жуырда 5 баланың өмірін жалмаған өрт оқиғасынан соң, ата-аналардың түнгі ауысымда жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірген халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың да бір ауыз сөзі елді елең еткізді.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Это их выбор»
Соңғы кездері министрлердің орынбасарлары елдің назарына түсе бастады. Әрине, бірі сөзінен сүрініп танылса, бірінің лауазымы өсіп жатыр. Мәселен, Ішкі істер органының басшысы Қалмұханбет Қасымов әйтеуір басқа қызметке кетіп, орнына оның орынбасары Ерлан Тұрғымбаев министр болып шыға келді. Ал Мәдина Әбілқасымованың бір орынбасары Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болды. Парламентке келе сала, әр балаға 20 мың теңгеден жәрдемақы тағайындалғаны дұрыс деп пікір айтқан су жаңа депутат жаңа жұмысындағы айлығының қанша екенін әлі білмейді.
НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Я пока даже не знаю. Первый день пришел, первый день заступил, с утра даже не успел с этим ознакомиться. Сразу был вынужден прийти сюда.»
Парламент демекші, депутаттардың да аузын шыққан әрбір сөз елдің жадында. Әсіресе, бұрынғы әлеуметтік саланың министрі болған Гүлжан Қарағұсованың айтқандары хит болып таралып кетеді.
ГҮЛЖАН ҚАРАҚҰСОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Кто как содержится, тот так и работает»
Аңдамай сөйлеп, кейін кешірім сұрағандардың бірі қазіргі сырты істер министрі Бейбіт Атамқұлов. Ол кезде аэроғарыш саласын басқарып отырған шенеунік КАDEX көрмесінде үстіне баннер құлап көз жұмған азаматтың өзі кінәлі деп қоғамның ашуына тиді.
БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ
«Но он сам виноват, что оказался там по несоответствующим документам».
Шалқарлық шенеуніктің чики-чикиі мен зейнетақы реформасы кезінде патамушта патамушта деген сөзімен бұрынғы министр Серік Әбденовтың сөзінде ел ұмытқан жоқ. Қазір сенатор әрі ғарышкер Талғат Мұсабаевтың министрлікте жүргенде журналистерге зекіп сөйлеген видеосы таралып кеткен болатын. Кешірім сұрамаса да, бұдан кейін мұндай қылық көрсеткен жоқ ол.