Bugin
Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Қызметінің мерзімінен бұрын тоқтау себебін Бекболат Тілеухан былай деп түсіндірді: "Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес. Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Сонымен қатар, бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін".