Спорт
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
"Түркістанды түлеткен" атты жыл қорытындысына арналған іс-шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға пәтер кілтін табыс етті. Пәтер "Сырдария" тұрғын үй кешенінде орналасқан.
- «Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан "Тұран" бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын», - дейді Сәкен Бибосынов.