Bugin
Алматыдағы ереуіл кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітімнің денесі Ақтауға жеткізілді. Оны жер қойнына бүгін тапсырады. Бұл туралы Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- "Еліміздің болашақ қорғаушысы Мейірхан Ержанұлы өз өмірін Отанына арнады. Ол террористердің қолынан қаза тапты, ол небәрі 19 жаста еді. Бұл қайғылы хабар бәрімізді таңғалдырған жайт. Батыр мәңгілік есімізде. Ата-аналары мен жақындарына шыдамдылық берсін", - деді өңір әкімі Нұрлан Ноғаев.
ҚР ҰҚК академиясының курсанты Мейірхан Бітім Ақтаудағы Ақтаудағы 11-мамандандырылған физика-математика гимназиясын екі жыл бұрын бітірген. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы шекарашылар бөліміне түскен. Биыл 2 курста оқып жүрген болатын. Оның мәйіті салынған мырыш табыт кеше Ақтау қаласына арнайы бортпен әкелінген.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін еліміздің бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысына сәйкес, Мейірхан Бітім ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды.