Bugin
Мемлекет басшысы Тоқаев содырлар Алматыдан кейін елді басып алуы мүмкін болғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- "Елімізге қарсы лаңкестік соғыс басталды. Жау тым қатыгез болды және кез келген қадамға баруға дайын екенін көрсетті. Қарсылық туралы ойды басу үшін халық арасында қорқыныш тудырды. Жоспар бірқатар бағытты қамтыды: әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпарат және т.б. Кәсіби мамандар жұмыс істеді (...). Алматыны бақылауды толығымен жоғалтып, Алматыны жоғалтқасын астананы, содан кейін бүкіл мемлекетімізден айрылып қалуымыз мүмкін еді. Бұл - қайғылы оқиғалардың мәні (...) " - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.