Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында қаза болған тәртіп сақшылары, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсететінін жеткізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз - деді Тоқаев.