Bugin

«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша «Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі», - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топты Алматыда арнайы операция барысында ұстаған болатын. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.