Қоғам
Ажар Гиният Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған еді.
Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.
1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.
1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.
2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.