Bugin
Қазақстанда бизнесті қолдау үшін төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарға тыйым салынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Халық пен бизнесті қолдау үшін осы жылдың 11 қаңтарында агенттік төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну жөнінде бұйрық қабылдады», - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде несиелер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынған.