Қоғам

Картоп пен сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге тыйым салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағаларын тұрақтандыру іс-шараларын атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы аясында импортты алмастыру жөніндегі іс-шаралар кешені көзделді. Министрлік мынандай жедел шаралар қабылдады: 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 125 мың тонна күнбағыс тұқымдары мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер енгізу; картоп пен сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге тыйым салу; ірі қара мал мен ұсақ малды экспорттауға 6 ай мерзімге тыйым салу», - деді министр.