Bugin

Белгілі кәсіпкер «Күшіміз бірлікте» қорына 500 миллион теңге аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпкер, меценат, «ҚазАзот» АҚ директоры Бахаридин Әбләзимов «Күшіміз бірлікте» қорына 500 миллион теңге аударды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Бұл қаражат Алматыдағы, басқа да облыстардағы тәртіпсіздіктер кезінде нысандары талан-таражға түсіп, қираған кәсіпкерлерге комиссия шешімінен кейін бөлінеді.

Бахаридин Әбләзімов Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданындағы «Красная звезда» кеңшарында дүниеге келген. Оның айтуынша, әкесі 13 жасында қайтыс болған. Анасы он баламен жалғыз қалған. Түсте Жетісай қаласындағы наубайханада еден жуып, кешке зауытты күзеткен. Анам оны және оның ағаларын әрқашан бір-бірін қолдап, жақын болуға шақырып отырған. Кәсіпкер ел басына түскен осынау қиын кезеңде барша халықты бірлікке шақырды.

Анықтама үшін: соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда бизнеске келтірілген залал қазірдің өзінде 103,7 миллиард теңгеден асты, оның 102,2 миллиарды Алматыда.