Қоғам

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

5 қаңтардан бастап Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқаратын болды.

Былтыр 24 желтоқсан күні Жандарбек Бекшин мегаполистің бас санитарлық дәрігері қызметінен кететінін айтқан еді. 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында оның міндетін Қарлығаш Әбдіжаппарова атқарды.

Сәдуақас Байғабылов әр жылдары Қарағанды облысы Санэпидемқадағалау департаментін басқарған, Нұр-Сұлтан қаласының, Павлодар, Атырау облыстарының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған. Оңтүстік астананың бас сандәрігерінің міндетін атқарушы болғанға дейін мегаполисте бас санитарлық дәрігердің орынбасары болған.