Қоғам

Коронавирус: Жаңа Денсаулық сақтау министрі болжам жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидахуалға байланысты болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Оның сөзінше жағдай күрделене берсе, тәулігіне 40 мыңға дейін адам ауырады.

«Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40%-дан аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Туыстарға бармау, үйде қонақ шақырмау керек. Қоғамдық орындарда, көшеде маска режимін сақтаған жөн. Вакцинация алмаған азаматтарды алғашқы вакцинация курсын алуға, ал 6 ай бұрын вакцинация алған адамдарды ревакцинация салдыруға шақырамын», - деп ескертті Ажар  Ғиният.