Bugin

Мемлекет басшысы Алматыға келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына барды. Бұл мәліметті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- Президент Алматыға барғанын растаймыз. Алматыдағы жедел штабтың отырысына қатысты. Сондай-ақ қайтыс болған тәртіп сақшылары, әскери қызметкерлердің отбасы және туыстарымен кездесіп, көңіл айтып, наградаларды табыстады, - деді баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының  жедел басқару орталығына барғаны белгілі болды. Жедел жәрдем ауруханасында жатқан зардап шеккендерге барып, жағдайын сұрады.